Тамыз соңында теңге әлсірей ме?

Тамыз соңында теңге әлсірей ме?

Тамыз соңында теңге әлсірей ме?
ашық дереккөзі
Тамыз соңында теңге әлсірей ме? Бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде теңгенің құнсыздануы мүмкін екені жайлы қауесеттердің салдарынан теңге тамыз айының басынан бері құбылмалы болды, - деді Ақышев. - Ал расында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, ұлттық валюта бағамы ауытқыған жоқ. Қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. 22 тамыздағы жағдай бойынша ұлттық валюта бағамы жыл басынан бері 0,2 теңгеге нығайып, 333,8 теңге болды. Бүгін биржа 333 теңгемен аяқталды". Қазіргі уақытта ақша айырбастау органдары долларды 333,7 теңгеге сатып жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндаған болатын. "Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ", - деген еді Ұлттық банк төрағасы.