Жаңалықтар

«Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді

ашық дереккөзі

«Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді

 «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының «Астана - Селтик» арасында өткен матчында елордалық команда меймандарды 4:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қарымта кездесудің алғашқы таймы 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Нақтырақ айтқанда, 27 минутта «Селтик» командасының ойыншысы Айердің автоголы астаналықтарды алға шығарған. Көп кешікпей 34 минутта Скот Синклердің қарымта голы есепті теңестірді. Алғашқы таймға қосымша екі минут қосылғанымен, есеп сол қалпында қалды. Екінші тайм астаналық Серікжан Мұжықовтың голы мен Патрик Твумасидің дублімен астаналықтардың айбынын асырып тастаған болатын. Бірақ, 82 минутта «Селтик» сапындағы Нчам Оливер есеп аралығын жақындата түсті. Тіпті 90 минуттағы Ли Графитстің меймандар үшін соққан үшінші голы есепті 4:3-ке жеткізді. Ойын 4:3 есебімен «Астананың» пайдасына шешілді. Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды. 48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды. 49-шы минутта ганалық форвард Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті. Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады.  "Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті. Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті - Ли Гриффитс отандық команданың қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді.  Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.