Жаңалықтар

Еуроодақ санкциясына ілінген дипломат Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі болды

ашық дереккөзі

Еуроодақ санкциясына ілінген дипломат Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі болды

Еуроодақ санкциясына ілінген дипломат Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі болды. Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Ресейдің АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі етіп Анатолий Антоновты тағайындады. Кремльдің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, ол БҰҰ-ның Вашингтондағы тұрақты бақылаушысы қызметін де атқарады. Ардагер дипломат Антонов Қырымды аннексиялауына және Ресейдің Украина шығысындағы жанжалға араласуына байланысты 2015 жылдың ақпан айында Еуропалық одақтың және Канаданың "қара тізіміне" енген. Ал 2015 жылдың қыркүйек айында Украинаның санкция тізіміне кірген. Антонов 30 жылдай Ресейдің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Бір жылдай сыртқы істер министрінің орынбасары, бес жылдай РФ қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2004—2011 жылдары сыртқы істер министрлігінде Антонов қауіпсіздік жөніндегі департамент директоры қызметін атқарып, әскери-саяси келіссөздер жүргізген. Ол енді АҚШ-та елші болған Сергей Кислякты алмастырады. Кисляк АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен байланысы болды деп дауға қалған.