Қырғызстанда азаматтарды Сирияға тартып жүр деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

Қырғызстанда азаматтарды Сирияға тартып жүр деген күдікпен шетелдіктер ұсталды

Қырғызстанда азаматтарды Сирияға тартып жүр деген күдікпен шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда азаматтарды Сирияға тартып жүр деген күдікпен шетелдіктер ұсталды. Қырғызстанда азаматтарды Сириядағы соғысқа тартып жүр деген күдікпен ТМД елдерінің азаматтары ұсталған. Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкекте халықаралық террористік ұйымның өкілдері ұсталған. Олардың ішінде 1966 жылы туған Г.А. деген азамат пен 1971 жылы туған С.С. деген азаматтар ТМД елдерінің бірінен шыққан. Екеуіне де Сириядағы террористік ұйымға қатысы бар делініп іздеу жарияланған. "Аталған екі азамат террористік ұйым басшыларының нұсқауымен қатарларына адам тарту үшін, Қырғызстанға барған", - деп мәлімдейді МҰҚК. 2017 жылдың маусым айында арнайы қызмет Қырғызстан аумағында теракті жасамақ болды деген күдікпен төрт адамның ұстағанын хабарлаған. Осының алдында Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Темір Жұмақадыров 2016 жылы 17 терактінің алдын алдық деген. Ресми мәліметтерге қарағанда, Ирак пен Сирия аумағында террористер қатарында 500 қырғыз азаматы соғысып жүр. Абақтыда экстремизм және терроризм айыбы бойынша 185 адам жазасын өтеп жатыр.