Данияр Елеусіновтің жоспарлары қандай?

Данияр Елеусіновтің жоспарлары қандай?

Данияр Елеусіновтің жоспарлары қандай?
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы боксшы Данияр Елеусіновтің алдағы жоспарлары қандай?  Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов аздап демалған соң ел чемпионатына дайындықты бастап кететінін айтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Қазіргі уақытта мен демалып жатырмын. Алайда, демалыспен қатар, жаттығуды да ұмыт қалдырғым келмейді. Әлем чеипионатынан кейін Қазақстан чемпионатына дайындаламын. Ұлттық құрамамен жұмысты ары қарай жалғастыра бермекпін. Одан ары екінші, үшінші Олимпиадаларды көре жатармыз...», - дейді чемпион. Өзінің кәсіби боксқа ауысуы туралы бір кездегі жоспарын Даниял Елеусінов келесідей түсіндіріп берді. «Бәрін уақыт көрсетер... Кәсіби боксқа ауысу кеш бола қоймас. Келіп жатқан ұсыныстарға байланысты шешімімді саралармын. Дәл қазіргі уақытта қызығарлықтай ұсыныс болған жоқ. Сондықтан, күте тұрамын. Ешкіммен келісімге қол қойған жоқпын. Қызыққаныммен, менімен осы мәселені талқылаған австралиялық промоутерлік компания әлі жұмысын бастаған жоқ», - дейді Данияр. Олимпиада чемпионы сондай-ақ, 2017 жылдың қыркүйегінде Гамбургте өткелі жатқан әлем чемпионатына қатысты пікірін білдірді. «Біздің команда жас әрі оның жеңіске құлшынысы зор. Сондықтан, кем дегенде 1-2 алтын медаль алып келуі керек», - деді Данияр Елеусінов. Данияр Елеусінов Қазақстанның өзге де танымал спортшыларымен бірге Астана халықаралық ШЫҰ марафонына қатысады. Халықаралық марафон 27 тамызда таңертеңгі 07:30 уақытында басталады.