Австрия алыс емес

Австрия алыс емес

Австрия алыс емес
ашық дереккөзі
Австрия алыс емес. Австриядан Қазақстанға салынған тікелей инвестиция көлемі 2,8 миллиард долларды құрап отыр. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.  Соңғы 6 айда Қазақстан мен Авcтрия елдерінің сауда айналымы 74 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға төмен. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін екі ел арасындағы өзара тиімді экспорттық тауар тасымалдау көлемін арттыру қажет. Бұл туралы Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 8-отырысында айтылды. Қазақстанға Австриядан 11 жыл ішінде тартылған тікелей инвестиция көлемі 2,8 млрд доллардан асқан. Алқалы жиында тараптар экономика, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіп және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді тілге тиек етті. Еркебұлан Сапарбеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департамент директорының орынбасары: - Австрия – Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосып отырған елдердің бірі. Тартылған инвестиция көлемі жыл санап артып келеді. Бұдан былай да екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейе түседі деген сенім мол.