Көкпарда тәжіктер мен қырғыздар өзгелерден оқ бойы озық

Көкпарда тәжіктер мен қырғыздар өзгелерден оқ бойы озық

Көкпарда тәжіктер мен қырғыздар өзгелерден оқ бойы озық
ашық дереккөзі
Көкпардан тәжіктер мен қырғыздар командасы өзгелерден оқ бойы озық келеді. Астанада көкпардан тұңғыш әлем чемпионатының үшінші күні болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Салым салудың сақалары атанған Қырғызстан мен Тәжікстанның көкпаршылары әзірге бет қарататын емес. Екі құрама да жарыстың үшінші күнінде қарсыластарын ірі есеппен жеңді. Атап айтқанда, тәжіктер Түркия құрамасын 12:2 есебімен тізе бүктірсе, қырғыздар көршілес Өзбекстан құрамасынан 11:2 есебімен басым түсті. Қарқындарына қарағанда аты аталған дәл осы екі команда Қазақстан көкпаршыларының басты қарсыласы болатын секілді. Ал турнир басталғалы екі мәрте жеңіліске ұшыраған Өзбекстан алдыңғы орындардан үміттене алмасы анық. Күні кеше қырғыздардан жеңілген Моңғолия құрамасы бүгін 10:4 есебімен АҚШ көкпаршыларынан есесін алды. Ресей болса Қытайдан 0:5 есебімен сүрінсе, Ауғанстан Венгрия құрамасын 12:2 есебімен артта қалдырды. Бүгінгі күннің қорытынды ойынын Қазақстан - Әзербайжан құрамалары аяқтауы керек болатын. Алайда әзірбайжандық көкпаршылардың келмеу қалуы себепті жеңіс 3:0 есебімен автоматты түрде Қазақстан құрамасына берілді.