Қазақстандық компаниялар Гонконгтағы Food Expo-2017 көрмесіне қатысты
Қазақстандық компаниялар Гонконгтағы Food Expo-2017 көрмесіне қатысты
«KAZAKH INVEST» қолдауымен Қытай нарығында «Made in Kazakhstan» өнімдерінің тұсаукесері ұйымдастырылды. Көрмеге әлемнің 26 мемлекетінен 1500 өндіруші қатысты. 2017 жылғы жаһандық серіктес - Жапония болды. Аталмыш елден 331 өндіруші қатысып отыр. Сонымен қатар көрмеге тұңғыш рет қатысып отырғандар қатарында Беларусь, Канада, Чехия, Мексика, Үндістан және Тайланд бар. "Азия елдерінде салқын тағамдар бағзыдан-ақ кеңінен танымал. Сондықтан "Шин-Лайн" компаниясы аталмыш аймаққа балмұздақ экспорттауды қолға алмақ", – деді компанияның маркетинг бойынша директоры Константин Доценко. "Біздің ұсынысымыз - Бахрома бренді. Бұл шығыс тәттілерінен жасалған өнім. Жақында іске қосылған өндірістік желі арқылы 30 жаңа өнім жасауға болады. Гонконг - Қытай, Азия және әлем елдерімен бизнес жүргізу үшін тиімді платформа. Қазақстандық өнім өз бағасын алады деп сенеміз, сондай-ақ сапалы табиғи өнімді тұтынушылардың көңілінен шығады деген сенімдеміз". Гонконг сауда-саттықты дамыту кеңесі 1966 жылы құрылған. Ол Гонконгте бизнеске мүмкіндік жасаумен айналысады. Әлем елдерінде 40 кеңсес бар, соның 13-і Қытайдың құрлықтық аумағында орналасқан. 50 жылдық тәжірибесінің нәтижесінде Кеңес халықаралық көрмелер, конференция мен бизнес миссиялар ұйымдастырады.