Мамандар орыс тілі оқулығындағы жаргондарды түсіндірді

Мамандар орыс тілі оқулығындағы жаргондарды түсіндірді

Мамандар орыс тілі оқулығындағы жаргондарды түсіндірді
ашық дереккөзі
Соңғы кездері әлеуметтік желіде 5-сыныпқа арналған орыс тілінің жаңартылған оқулығына қатысты түрлі сыни пікірлер айтылып жүр. Осыған орай жобаны әзірлеуші мамандар түсініктеме берді, деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.  Бесінші сыныпқа арналған жаңартылған орыс тілі оқулығына қатысты әлеуметтік желіде пайда болған сыни пікірлерге орай, мамандардың түсіндірме пікірлерін жариялауды ұйғардық. Аталған оқулық - негізгі оқу құралы емес, баламалы оқулық. Әлі мектептерге түскен жоқ. Дегенмен, толыққанды оқу құралы болып саналады. Авторлардың бірі Гүлмира Қожамқұлованың айтуынша, ауызекі сөйлесу мен ресми қарым-қатынас тілін ажырата білу - қазіргі жастарға қажет дүние. Әсіресе «Желілік этикет» бөлімі анонимді пікір иелеріне ұнамапты. Оларды сол бөлімдегі «пиарить подкаст» немесе «лайкать в соцсетях» сөйлемдері шамдандырған сыңайлы. Жаңартылған мазмұн оқушылардың сауатын арттырып, сыни ойлай білу қабілетін ұштайды, - дейді оқулық авторы. «Эмотикон», «подкаст» немесе «пиарить» деген сөздер ауызекі сөйлеуден бұқаралық ақпарат құралдары бетіне көшкеніне біраз уақыт болды. Мұндай стильді білудің арқасында оқушылар ресми тілдесуді ауызекі немесе жалпы қарым-қатынас лексикасынан ажырата алуды үйренеді. Оқулықта ресми тілдесу барысында қандай сөйлемдерді қолдануға болмайтыны және не үшін екені толық түсіндірілген. Осылайша, оқу құралы мектеп оқушыларына ауызша және жазбаша сауатты сөйлем құрауға үйретіп, түрлі деңгейдегі және стильдегі лексикалық сөздерді ажырата білуге баулиды», - делінген баспасөз парағында.