Қорғас - келешекте Қытай голливуды болмақ
Қорғас - келешекте Қытай голливуды болмақ
Қытайдың «Қасқыр жауынгерлер 2» (Wolf Warriors 2) атыс-шабыс жанрындағы фильмі экранға жол тартқанына 12 күн ішінде 3,4 млрд юань (507 млн АҚШ доллар) жинап, Қытайдың кино нарығында кассалық табыс бойынша жаңа рекорд орнатты, деп жазады Синьхуа.
Дәл осы кассалық қытайлық фильмнің 14 продюсерінің үшеуі - Қытайдың «Голливуды» - Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының шекаралас Қорғас қаласынан.
Қорғас - Қытай мен Қазақстанның шекарасындағы ірі құрлық бақылау-өткізу бекеті - 2014 жылы оған ресми түрде қала мәртебесі берілді. Ол ежелгі Жібек жолындағы маңызды торап болған. Қорғасты Батысқа шығаратын терезеге айналдыру мақсатында Қытай үкіметі оған түрлі салалар бойынша жеңілдік беретін саясат қарастырып, барлық бағыттар бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық қырынан дамуына мүмкіндік беруде. Соның ішінде, кинематография, телеарна, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары индустриясы қарқынды дамуда. Айта кетейік, қазіргі кезде Қорғаста жалпы капиталы 15 млрд юаньнан асатын кинематография, телеарна, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 1847 кәсіпорын жұмыс істеуде.