Жаңалықтар

Өзбекстанда салмағы 6 тоннадан астам палау дайындалды

ашық дереккөзі

Өзбекстанда салмағы 6 тоннадан астам палау дайындалды

Өзбекстанда салмағы 6 тоннадан астам палау дайындалды. Өзбекстанда салмағы ең үлкен палау дайындалды. Сарапшылар куә болған тағамның рекордтық салмағы 6 тоннадан асты, деп жазды gazeta.uz. Басылым мәліметінше, палау Ташкент облысының Алмалық қаласында пісірілген. Ол диаметрі 4,2 метр қазанда дайындалды, көлемі шамамен 8 мың литрлік қазан осы шара үшін Алмалық тау-кен металлургиялық комбинатында арнайы құйылған. Қазанның жалпы салмағы 7 070 кг, тереңдігі 1 метрді құрайды. Қазан орнатылған ошақ шамамен 3 тоннаны құрайды. Сондай-ақ палаудың әзірленуіне 826 кг сиыр еті, 825,5 кг қой еті, 195 кг қой майы және 1650 кг күріш жұмсалған. Бұған қоса, 2400 келі сәбіз, 185 келі пияз, 350 литр өсімдік майы және 480 кг тұз қолданылды. Мұның бәріне 4,5 кг зире тұқымы, 165 кг бөрікарақат, 90 кг асбұршақ және 3 кг қара бұрыш қосылды. Палауды пісіру үшін Өзбекстанның түкпір-түкпірінен 50-ден астам белгілі аспаздар жиналды. Дайын палау шара қонақтары мен 22 мыңнан астам Алмалық тұрғындарына үлестірілді. Әлемдік рекорд орнату және оны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу шарасы ресми түрде 8 қыркүйек күні өтеді.