Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысымен кездесті

Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысымен кездесті

Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысымен кездесті
ашық дереккөзі
Сағынтаев Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысымен кездесті. Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ауғанстан Ислам Республикасының атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді. Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі - Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады. Анықтама: Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт - 486,8 млн, импорт - 2,5 млн. 2017 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт - 195,2 млн, импорт 0,6 млн.