Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы "Ұмай жер" ЖШС-нің егін алқабын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтың астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады. «Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында не өндіреміз деген мəселе туындады. Енді қазір шығарған өнімді қайда сатамыз деген мəселе толғандыруда. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде», - деді Н. Назарбаев диқандармен кездесуінде. Кездесу барысында шаруалар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар үшін Елбасына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, 2009 жылы құрылған "Ұмай жер" ЖШС-і бидай, майлы дақылдар өндірумен айналысады. Шаруашылықтың 26 мың гектарға жуық жері бар. Онда 130-ға жуық адам еңбек етеді.