Геннадий Головкин ең әсерлі боксшылар қатарында

Геннадий Головкин ең әсерлі боксшылар қатарында

Геннадий Головкин ең әсерлі боксшылар қатарында
ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ең әсерлі боксшылар қатарында екінші орынға жайғасты. Америкалық BleacherReport.com сайты ең әсерлі боксшылардың ондығын жасаған. Жерлесіміз сол ондықта үздіктер қатарынан табылыпты.

Геннадий Головкиннің алдында никарагуалық Роман Гонсалес бар. Америкалық сайт «Геннадий Головкиннің шеберлігі жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бокстағы жұлдыздардың бірі Геннадиймен бір шаршы алаңға шығуға келіссе, бұл ақылы трансляция деңгейіндегі құбылыс болуы мүмкін» деп жазады. Сондай-ақ, аталмыш сайт Геннадий Головкинді орта салмақтағы жеңілмейтін WBA чемпионы деп атап көрсетеді. Айта кетейік, өткен аптаның соңында Геннадий Головкин кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын. Сол сайыстан кейін Головкин өзінің нокаут-сериясын 20-ға жеткізді. Тіпті, осы көрсеткішпен қазақстандық боксшы әйгілі Майк Тайсонның рекордын жаңартқаны айтылған еді.