Жаңалықтар

Қырғызстан халықты қантпен өздері қамтамасыз ететін болады

ашық дереккөзі

Қырғызстан халықты қантпен өздері қамтамасыз ететін болады

Қырғызстан халықты қантпен өздері қамтамасыз ететін болады. Қырғызстанда "Кошой" және "Каинды-Кант" зауыттарын модернизациялаудан өткізгеннен кейін, елдегі қант тапшылығы проблемасы шешіледі. Мемлекет халықты қантпен енді өздері қамтамасыз етеді. Осылай деп ел премьер-министр Сооронбай Жээнбеков Шу облысында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуінде айтты. "Жоспарға сәйкес "Кошой" мен "Каинды-Кант" зауыттары толық қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жақын күндері қызылшаны өткізу проблемасы толық шешіледі", - деген премьер министр. 2016 жылдың күзінде экономика министрлігі 80–82 пайыз қантты сырттан әкелетінін мәлімдеген. 2015 жылы "Каинды-Кант" акционерлік қоғамы 24,1 мың тонна қант шығарған. Бұл елдегі қант сұранысының тек 20 пайызын жабады. Қырғызстанда орта есеппен жылына 110 мың тонна қант пайдаланылады.