Иранның газ экспорты тәулігіне 42 млн текше метр

Иранның газ экспорты тәулігіне 42 млн текше метр

Иранның газ экспорты тәулігіне 42 млн текше метр
ашық дереккөзі
Иранның газ экспортының көлемі осы елдің жыл санағы бойынша 1396 жылдың бесінші айының басынан бері (2017 жылдың 23 шілдесінен бастап) тәулігіне 42 млн текше метрге жетті. Иран ұлттық газ компаниясының дерегі бойынша, Иран газының экспорты Иракқа газ жеткізуді бастағаннан бері арта бастаған. 1396 (Иран) жылдың басынан бері (2017 жылдың 20 наурызынан басталған) Иран газы экспортының орташа көлемі тәулігіне 36 текше метрді құраған. Сондай-ақ, 1396 жылдың төртінші айында (22 маусымнан 22 шілдеге дейін) Иран газы экспортының орташа көлемі тәулігіне 39 текше метрге жеткен. Сәйкесінше, газ экспорты алғашқы үш айда тәулігіне 35, 30 және 32 текше метрді құраған. Еске салайық, Иран 2017 жылдың маусым айынан бері Иракқа газ жеткізуді бастады. Бұдан бұрын Түркия Иран табиғи газының ірі тұтынушысы болған еді. inform.kz