Жаңалықтар

Тәжікстанда хиджаб киетін әйелдермен әңгімелесу жүріп жатыр

ашық дереккөзі

Тәжікстанда хиджаб киетін әйелдермен әңгімелесу жүріп жатыр

Тәжікстанда хиджаб киетін әйелдермен әңгімелесу жүріп жатыр. Тәжікстанның мемлекеттік мекеменің қызметкерлері хиджаб киетін сегіз мыңға жуық әйелмен профилактикалық әңгімелесу жүргізген. Түсіндіру жұмыстары 3-13 тамыз аралығында өткен. Бұл жөнінде үкімет жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комитеттің төраға орынбасары Мархабо Олими мәлімдеді. Жұмыс тобына әйелдер ісі жөніндегі, діни істер жөніндегі комитеттің өкілдері мен ІІМ қызметкерлері кірген. Олар хиджаб кию тәжік әйелдерінің дәстүрінде болмағанын түсіндірген. Мархабо Олимидің сөздерінше, астанада рейд жүргізу кезінде әйелдердің 90 пайызы мұсылман киімін киюге күйеулері мен ересек балалары мәжбүрлейтінін мойындаған. Олардың көбі егер күйеулері қарсы болмаса, хиджабтарын шешуге дайын екендіктерін айтқан. «Біз ер азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ешкім оларға әйелдері мен қыздары орамалсыз жүрмесін деп айтпайды. Бізге белгілі болғандай Ресейде жұмыс істеп жүрген кейбір ер азаматтар телефон арқылы әйелдеріне егер хиджабты шешетін болсаң, ажырасамын деп қорқытады екен»,- дейді Мархабо Олими. Тәжікстандағы құқық қорғаушылар билік хиджабқа қарсы кампания жүргізіп, адамдардың жеке өміріне араласып жатыр дейді.