Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына 600 мыңнан астам жер телімі беріледі 2

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына 600 мыңнан астам жер телімі беріледі 2

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына 600 мыңнан астам жер телімі беріледі 2
ашық дереккөзі
Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына 600 мыңнан астам жер телімі беріледі. Бас жоспарлар бойынша Астана мен Алматы қалалары аумағында жеке тұрғын үйге он сотықтан жер телімдері бөлінбейді. Бұл туралы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Инфрақұрылым бойынша Астана мен Алматы қалаларында жеке тұрғын үй салынбайды. Бірақ бұрыннан басталып кеткен Ильинка жағына қарай инфрақұрылым тартылып жатыр. Ол жерге биыл 8 млрд теңгедей қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін жұмыстар аяқталады. Жалпы, бас жоспарлар бойынша Астана, Алматы қалаларынде жекеменшікке жерлер қарастырылмаған, ал облыс орталықтарында, барлық елді мекендерде жер телімдері бар, яғни 10 сотықтан берілуде. Қарқынды түрде Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жекеменшікке инфрақұрылым тартылуда»,-комитет төрағасы. Оның сөзіне қарағанда, биылға 60 жер учаскесін беру жоспарланса, оның 23 мыңы азаматтарға берілген. Бұл жер телімдеріне инфрақұрылым тартылып болды. «Жыл сайын осы бағытқа 80 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. 15 жылдың ішінде 1 трлн 200 млрд қаржы игерілмек. Жалпы, 15 жылда 600 мыңнан астам жер телімі беріледі деп күтілуде. Биылғы жеті айдың ішінде 23 мың жер учаскесі берілді. Жыл соңына дейін жоспар бойынша барлық 60 мың жер телімі ел тұрғындарына тапсырлады деп күтілуде»,-деді Жайымбетов.