Сауд Арабиясы катарлықтарға қажылыққа келуіне рұқсат берді

Сауд Арабиясы катарлықтарға қажылыққа келуіне рұқсат берді

Сауд Арабиясы катарлықтарға қажылыққа келуіне рұқсат берді
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз катарлық қажыларға электрондық рұқсаттамасыз ел шекарасынан өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Арабиялық монархтың шешіміне Катар корольдік отбасы мүшесі, шейх Абдулла бин Әли бин Абдулла бен Джасем Әл Танидың араағайындығы әсер етті. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман сәрсенбі күні кешке Джиддадағы Әл-Салам сарайында шейх Абдулла бин Әли бин Абдулла бен Джасем Әл Таниды қабылдады. Кездесу барысында шейх Абдулла Корольдік пен Катар арасындағы бауырластық қарым-қатынастың тарихы тереңде екендігін атап өтті. Шейх Абдулла Салва аймағындағы екіжақты шекараны кесіп өтуге мүмкіндік беру туралы ұсыныс айтты. Сауд Арабиясының королі қажылыққа баратын барлық Катар тұрғындарына Салва аймағындағы шекараны ашып, кесіп өтуге рұқсат беруге келісімін берді. Сонымен қатар, король Катар азаматтарын қажыларға арналған электрондық рұқсаттамасыз жіберетіндігін айтты. Сондай-ақ, король Салман барлық катарлық қажыларды халықаралық Кинг Фахад әуежайынан Даммамға жеткізуді міндеттеп, халықаралық Әл-Аса әуежайынан тұрғындарды тегін тасылмалдап және Салман Бин Абдула Әзиз Әл Сауд бағдарламасының Қажылық пен Умраға арналған бөлігін тапсырды. Оған қоса, король Салман Сауд Арабиясынан Дохаға ұшақ жіберіп, катарлық қажыларды Джиддаға жеткізеді және оған кеткен шығынды өз қалтасынан төлейді.