2018 жылы мұнай өнімдерінің айналымы бақылауға алынады
2018 жылы мұнай өнімдерінің айналымы бақылауға алынады
Келер жылдан бастап барлық жанар-жағармай стансаларында есептік бақылау қондырғылары орнатылмақ. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.
Бұл мұнай өнімдерінің айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Ол кезде жанармайды өткізу жүйесінде де ашықтық болады. Мұны Кеден мен салық қызметінің бірігуінің 3 жылдығына арналған форумда мемлекеттік кіріс комитетіндегілер хабарлады.
Руслан Хамбаров, Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
- Мұнай өнімін шығарушылар мұндай қондырғыларды орнатуды биыл қаңтардан бастады. Ал бөлшек саудаға шығаратындар, яғни жанар-жағармай стансалары, оны келер жылдан бастап орнатуы тиіс. Ол барлығына міндетті. Сондықтан біз мұнай өнімдерінің айналымын толық қамти аламыз. Бұл бақылауды жеңілдетеді, жанар- жағармай стансаларының жұмысында ашықтық болады.