Жаңалықтар

Қазақстанның 100 киелі нысаны анықталды

ашық дереккөзі

Қазақстанның 100 киелі нысаны анықталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тізім өңірлік комиссияның ұсынысымен және сарапшылар кеңесінің ғалымдары мен өлкетанушыларының пікірлерін ескере отырып құрастырылған. «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» санаты бойынша тізімге 9 орын - Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі, «Хан Тәңірі» шыңы, Алтайдағы Мұзтау шыңы, Шарын каньоны, Қазығұрт тауы, Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірлері, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені, «Бектау ата» тауы және үңгірі және Жылаған-ата үңгірі енгізілді. «Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер» бойынша 11 орын - «Бозоқ» ортағасырлық қалашығы, «Боралдай сақ қорғандары», «Есік-сақ» қорғаны, Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені, Теректі әулие, «Беғазы» археологиялық кешені, Ботай қонысы, Берел қорымы, Шілікті қорымы, Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені, Қосбатыр - Қумай ескерткіші (шамамен VI-VIII ғғ.) және Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.) іріктеліп алынды. «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары» санатымен 13 орын: Қойлық қалашығы, Жанкент қалашығы (V-ХV ғғ.), Сығанақ қалашығы (VІ-ХІХ ғғ.), «Шірік-Рабат» қалашығы, «Жент» қалашығы, «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.), Сарайшық қалашығы (ХІІІ-ХVI ғғ.), Сауран қалашығы (ХІІІ-ХVІІІ ғғ.), Отырар қалашығы (І-ХVІІІ ғғ.), Созақ қалашығы (Х-ХVІІІ ғғ.), Сайрам (Исфиджаб) қалашығы (XIII-XVII ғғ.), Ақкөл-Жайылма қалашығы және «Жайық» (Теке) қалашығы тізімге енді. Сонымен бірге, аталған тізімге «Діни және ғибадат орындары» болып табылатын Қазақстанның 32 орны енгізілді: Қ.А.Яссауи кесене-кешені (Рабия Сұлтан Бегім кесенесі XV ғ., Үлкен Қылует ХІІ ғ., Күлтөбе (Ясы) қалашығы, Гауһар ана кесенесі), Арыстан баб кесенесі (ХII ғ.), Ибраһим ата кесенесі (XI-XII ғғ.), Қарашаш ана кесенелері (XI-XII ғғ.), Қарабура кесенесі, Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі, Бәйдібек би кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Үкаш ата мазары (ІХ-Х ғғ.), Исмайл-ата сәулет кешені (ХІ-ХІХ ғғ.), Маңғыстау жеріндегі қорымдар мен жерасты мешіттері (Оғыланды жеріндегі Бекет ата ХVIII ғғ., Шопан ата Х-ХIХ ғғ., Көне Бейнеу және Бекет-ата ХI-ХIХ ғғ., Қараман ата, ХIII-ХIХ ғғ., Масат ата, Х-ХIХ ғғ., Шақпақ ата IХ-Х ғғ., Сұлтан-епе б.д. Х- ХIХ ғғ.), Сисем ата қорымы (ХIII-ХIХ ғғ.), Абат-Байтақ кесенесі (ХІV-ХV ғғ.), Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Домбауыл кесенесі, «Екідің» (Сарыторғайдағы ерте кезең ескерткіштері), Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кесенесі, «Оқшы ата» кесенесі, «Қорасан Ата» кесенесі мен «Төлегетай-Қылышты ата» кешенді-мазары (ХІ-ХІІ ғғ.),Тектұрмас кешені (ХІV ғ.), Қарахан кесенесі (ХІІ ғ.), Айша бибі кесенесі мен Бабажы Хатун мазары (ХІ-ХІІ ғғ.), Бегім ана мұнарасы (Х-ХІ ғғ.), «Қорқыт ата» мемориалды кешені, Ұшқан ата қорымы, Ақмешіт қорымы, «Бұқар жырау» кесенесі, Ырғызбай Ата кесенесі, Вознесенск кафедралы шіркеуі, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер кешені, Құнанбай қажы мешіті және Христос Спаситель шіркеуі (XIXғ.). Тарихи тұлғаларға қатысты киелі 20 орын - Жиренқопадағы «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені, Есім хан кесенесі (ХVІІ ғ.), «Абылай хан» алаңы, «Хан моласы» мемориалдық кешені (XVIII ғ. Әбілқайыр хан), «Абылай хан резиденциясы» кешені, «Қабанбай батыр» кесене-қорымы, «Райымбек батыр» кесенесі, Тама Есет Көкіұлы кесенесі (ХVІІІ ғ.), Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Махамбет Өтемісұлының кесенесі, 1916 жылғы көтеріліс басшылары кесенесі (Амангелді Имановтың бейіті; Әбдіғаппар және Кейкі батыр кешені), А. Байтұрсыновтың Алматыдағы үйі, Ш.Уәлихановтың Алтынемелдегі мемориалдық кешені, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Ы.Алтынсарин кесенесі, Ж.Жабаев кесенесі, Ф.М.Достоевскийдің Семейдегі әдеби-мемориалды үйі, Міржақып Дулатовтың кесенесі, Тарас Шевченконың мемориалды кешені және Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы «Киелі орындар» тізімінен көрінді. Сондай-ақ, саяси, тарихи оқиғаларға байланысты 15 орын «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» тізіміне енуге лайық деп танылды. Олар - «Таңбалы тас» ескерткіші, Орбұлақ шайқасы болған жер, Бұланты шайқасы болған жер, Аңырақай шайқасы болған жер, Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументі, «Бөкей Ордасы» тарихи кешені, Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументі, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешені, Республика алаңы (Тәуелсіздік монументі, «Тәуелсіздік таңы»), Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі, Семейдегі «Алаш арыстары» үйі, Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі, Астанадағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі және «Мәңгілік Ел» салтанатты аркасы.