Жаңалықтар

"Қазақмыс" пен "Қазақмырышқа" қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізілуде

ашық дереккөзі

"Қазақмыс" пен "Қазақмырышқа" қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізілуде

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлағандай, аталмыш серіктестіктердің іс-қимылында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ға күкірт қышқылын жеткізу нарығында картель белгілері байқалды. Бұл күкірт қышқылына бағаның белгіленуіне, байқау қорытындыларын бұрмалауға, тауар нарығын аумақтық қағидат бойынша бөлуге алып келген. «Келісу комиссиясының отырысы өтті. Басым дауыспен Қазақмыс пен Қазмырыш өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, тұжырым жобасын пысықтау ұсынылды», - деп хабарлады комитеттен. Картель - монополистік бірлестік немесе келісім нысаны. Келісу объектісі баға белгілеу, ықпал ету саласы, сату жағдайы, патенттерді пайдалану, өндіріс көлемін реттеу, өнімді өткізу шартын келісу, жұмысшыларды жалдау болуы мүмкін. Нарық тетіктерінің жұмысын қиындатады. Бірқатар елдерде картельге тыйым салынған.