Мысырдан 2 мың жыл бұрынғы мазарлар табылды

Мысырдан 2 мың жыл бұрынғы мазарлар табылды

Мысырдан 2 мың жыл бұрынғы мазарлар табылды
ашық дереккөзі
Археологтар Мысырдың оңтүстігінде шамамен екі мың жыл бұрынғы үш мазарды тапты. Олар Каирден оңтүстікке қарай Эль-Минья провинциясы Аль-Камиль ауданы аумағында табылған. Қабірден бірнеше тас саркофаг,саздан жасалған заттар шықты. Ежелгі Египет Жоғары кеңесінің өкілі айтуынша, моланың біріне жартасты бұрғылап тесік жасау арқылы жету мүмкін болған. Ол жерден төрт саркофаг табылды. Екінші қабір жас баланы жерлеуге арналған. Балшықтан жасалған заттардың сынықтарын зерттеген ғалымдар саркофактардың жасы шамамен 2 мың жыл бұрын болған деген тұжырымға келіп отыр. Экспедиция басшысы Али Бакридің айтуынша, бұл жерден ер адамның да, әйелдердің де сүйектері табылған. Ежелгі Египет жоғары кеңесі жаңа жұмбақтардың құпиясын ашу үшін қазба жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Айта кеткен жөн, қабірлер орнын зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған.