Турфирма 10 миллион теңгені қолды қылған
Турфирма 10 миллион теңгені қолды қылған
Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» аудандық ІІБ тергеу бөлімінде «Анмар Тур» ЖШС-не қатысты құқық бұзушылық ісі қаралуда.
«Полиция бөлімшесіне туристік жолдамаларды ұсыну арқылы, жалған жолмен, тұрғындардың 10 миллионнан аса қаражатын жымқырған «Анмар Тур» ЖШС басшысына қатысты үш шағым түсті», - дейді Астана қаласы ІІД хабарламасында.
Қазіргі уақытта Астана қаласы ІІД Сарыарқа аудандық ІІБ тергеу бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша («үлкен көлемдегі алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. «Анмар Тур» ЖШС басшысының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен өзге тұрғындардан төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз:
8 (7172) 71-66-52, 8 747 456 68 38, 8 702 777 23 03 немесе «102» нөміріне.