Муайтайдан өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 12 медаль еншіледі

Муайтайдан өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 12 медаль еншіледі

Муайтайдан өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 12 медаль еншіледі
ашық дереккөзі
Бангкокте жасөспірімдер мен жастар арасында муайтай спорты бойынша әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додада Қазақстан жастар құрамасы 12 медаль еншіледі. Қазақстан құрамасы сапында 18 спортшы өнер көрсеткен болатын. Алматылық Биназар Рахат алаң иесі саналатын тай спортшысын жеңгенімен, екінші белдесуде ағылшын спортшысына есе жіберіп алды. сөйтіп, Биназар Рахат екінші орын иеленді. Сонымен қатар, 5 жекпе-жек өткізіп, финалда ресейлік спортшыға жол берген Сейітбек Рымбекке үздік техникасы үшін арнайы жүлде берілді. Жүлделі орындар үшін қазақстандықтар Ресей және Таиланд спортшыларымен сынға түсті. Турнирде барлығы 79 елдің спортшылары өнер көрсетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль иеленді.