Алакөлде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

Алакөлде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

Алакөлде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Алакөлде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды. Полицейлер Алакөл жағалауындағы той кортежі қатысушыларының кім екенін анықтап, әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлады ШҚО ІІД-де «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Үржар АІІБ жергілікті полиция қызметкерлері 13 тамызда кешкі 19-00-де жол ережесін бұзып, демалыс аумағынан өткен барлық көліктерді анықтады. Заң бұзғаны үшін той кортежіне қатысқан - 7 көлік жүргізушісіне 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға қатысты 158 830 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады ІІД хабарламасында. Еске салсақ, өткен демалыста Алакөл маңында және әлеуметтік желіде жұртшылықтың наразылығын тудырған жағдай болды. Той кортежі жағалауда демалушылардың жанынан өткенімен қоймай, орындықтарды құлатып кеткен. Оқиға видеоға түсіріліп, құқық қорғау органдарына берілген.