АҚШ Қытайдың зияткерлік меншікті ұрлауын тексермек

АҚШ Қытайдың зияткерлік меншікті ұрлауын тексермек

АҚШ Қытайдың зияткерлік меншікті ұрлауын тексермек
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялардың зияткерлік меншікті ұрлайды деген шағымдарына байланысты қытай билігінің әрекеттерін тексеруге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. АҚШ президенті әкімшілігінің халықаралық сауда мәселелері бойынша өкілі Роберт Лайтхайзер Пекиннің Қытайға өз өнімін экспорттағысы келетін америкалық фирмалар мен компанияларға Қытайда бірлескен кәсіпорын құрып, қытайлық серіктесіне технологиясын беруді талап ететін саясатының заңдылығын тексеру құқығына ие болды. Мұндай жағдайға америкалық General Motors және Microsoft сияқты корпорациялары тап болған. Қытайда жақында ғана қабылданған заң бойынша, америкалық фирмалар Қытай билігіне қолданушылардың жеке ақпараты мен технологиялық құпия мәліметтерге ие болуына жол ашатын бағдарламалық кодтарын беруге мәжбүр болмақ. "Өзге мемлекеттің интеллектуалдық меншігімізді ұрлауы бізді жыл сайын миллиондаған жұмыс орны мен милиардтаған доллар қаржыдан қағады. Вашингтонның әрекетсіздігінен еліміз ұзақ уақыт бұл игіліктерден қағылып келді. Бірақ Вашингтон енді бұған көз жұма қарай алмайды" деп мәлімдеді Дональд Трамп.