Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді

Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді

Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді
ашық дереккөзі
Пьер Карден Астанада сән киімдерінің коллекциясын өткізеді. Францияның аты аңызға айналған модельері, дизайнер әрі сәулетші Пьер Карден қыркүйек айының 1-3 аралығында Астанада соңғы киімдерінің коллекциясын өткізеді. Модельер сонымен бірге, астаналықтар үшін «Dorian Gray» (Аяусыз сұлулық) операсын қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Пьер Карден бұған дейін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда атақты модельер шынымен де көрме басталарда келуді көздегенімен, жарақат алып қалуға байланысты жоспары өзгерген. Францияның ең ауқатты адамдарының қатарындағы Карден осы себепті өз үйінен біршама уақыт шыға алмай қалған көрінеді. Оның жасы биыл тоқсан беске толып отыр. Басқа материк түгілі, Париждің ішінде көп шыға бермейтін модельерді қазақстандық тарап ақыры көндірген екен.   «Коллекцияда киімнің 120 түрі көрсетіледі. Жалпы Карден бірінші рет Қазақстанға (Алматыға) 1965 жылы келген. 1992 жылы жас дизайнер ретінде оның шеберлік сыныбына қатысқаным бар. Ал Астанаға тұңғыш рет келеді. Пьер Карден тек киім модельері ғана емес, сәулет саласының да білгір маманы. Қазіргі уақытта модаға Қазақстаннан 300-ге жуық қатысушысы өтінім берді. Бірақ Пьер Карденнің өзінің талаптары бар: ол бойынша коллекцияға қатысушының бойы 1,76 метрден кем болмауы керек. Жасы 17-26 аралығында болуы тиіс», - дейді «INKARSEZIM corporation» президенті, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Гүлнәр Жүнісова.   Пьер Кардан өзімен бірге әлемдік дәрежедегі подиумда жүрген итальяндық және франциялық модельдерді әкелмек. Коллекцияның жеңімпаздарына айтарлықтай жүлде қарастырылған. Шараның ұйымдастырылуы, жүлде бөлу секілді негізгі шығынын модельердің өз компаниясы өтейтін алады. «Dorian Gray» операсында екі актер ойнайды. Актерлардың бәрі Франциядан келеді. Біз тек техникалық қызмет көрсетеміз», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Құлымбетов.