Шымкенттің орталық су-спорттық кешені 1,5 млрд теңгеге сатылды

Шымкенттің орталық су-спорттық кешені 1,5 млрд теңгеге сатылды

Шымкенттің орталық су-спорттық кешені 1,5 млрд теңгеге сатылды
ашық дереккөзі
Шымкенттің орталық су-спорттық кешені 1,5 млрд теңгеге сатылды. Бүгін облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына тиесілі кешен аукцион арқылы саудаға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Сала мамандарының сөзінше, бастапқы баға 1 млрд 213 млн теңгеден басталған. Сатып алушылар бағаны тағы 287 млн теңгеге көтерген. Десе де сатып алушының кім екені ашып айтылмай отыр. Себебі, ол аты-жөнінің жария етілуін қаламаған. Айта кетейік, үлкен спорттық кешен әлемдік талаптарға сай келеді. Мұнда халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Бассейндегі су қажет жағдайда жылытылып отырады.