Талдықорғанда 168 отбасы баспаналы болды

Талдықорғанда 168 отбасы баспаналы болды

Талдықорғанда 168 отбасы баспаналы болды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда 168 отбасы баспаналы болды. Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 168 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Шаңырақты болғандардың басым бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Сондай-ақ баспана кезегінде тұрған азаматтар да қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үй кілттерін тапсыру салтанатына қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі. Жеке баспанасының кілтін алған қала тұрғындары жалпы мемлекет үй алуға бәріне бірдей қолайлы жағдай туғызып отырғанын атап өтті. Баспана әкімдікте кезекте тұрғандарға да, банк салымшыларына да 1 шаршы метрі үшін 140 000 теңгеден берілді.   «Алматы облысында біздің 43 мың салымшымыз бар. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Өзге өңірлермен салыстырғанда Алматы облысының елді мекендерінде инфрақұрылым жақсы дамыған. Үй салынатын жерлерге барлық жүйелер жеткізілген. Бұл үшін әкімдікке үлкен алғыс айтамыз. Болашақта біз Жетісу жерінде халықты баспанамен қамтуды көздейтін жарқын жобаларды жүзеге асырамыз» деп атап өтті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. Айта кетелік, кілттерді тапсыру салтанатына дейін Алматы облысы әкімдігі мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өңірде тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.    Сондай-ақ, банктің Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жубаниязова Талдықорғанда «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Өз үйім», «Корпоративті тұрғын үй» бағдарламалары бойынша салынып жатқан құрылыстармен танысқан болатын. Жыл соңына дейін Алматы облысында тағы 672 отбасы баспаналы болады. Аймақта 6 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, оның төртеуі Талдықорғанда, қалған екеуі Қаскелең мен Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде орналасқан.