Қырғызстан еліндегі түрік лицейлерін Түркия қысымынан қорғап жатыр

Қырғызстан еліндегі түрік лицейлерін Түркия қысымынан қорғап жатыр

Қырғызстан еліндегі түрік лицейлерін Түркия қысымынан қорғап жатыр
ашық дереккөзі
Қырғызстанның білім және ғылым министрлігі Түркия білім министрінің орынбасары Орхан Эрдемнің мәлімдемесін елге және қоғамға жасалған қысым және "Сапат" білім беру мекемесінің беделін түсіруге тырысу деп бағалайды. Осылай деп мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді. Министрлік "Сапат" мектебін террористік ұйымдарға теңеуін қабылдауға келмейді деп, Түркияның ресми тұлғасының мәлімдесесін "жауапсыздық" деп атады. "Сапат" жалпы білім беру мектебінің жүйесі Қырғызстанда 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. "Осы жылдар аралығында 10 мыңдаған азамат лайықты білім алды. Түрік тілі мен мәдениетін жеткілікті деңгейде меңгеріп шықты. Бұлар Қырғызстан мен Түркия арасын байланыстыратын маңызды буын", - делінген министрлік таратқан мәлімдемеде. Жергілікті БАҚ түрік дереккөздеріне сілтеме жасап, Түркия білім министрінің орынбасары Орхан Эрдемнің "Сапат" лицейінің түлектерін Түркияға жібермеу жөніндегі ұсынысын жариялаған. 2017 жылдың сәуір айында "Себат" білім беру жүйесі "Сапат" болып өзгерді. Бұл білім беру мекемелерін діниуағызшы, Түркия президентінің қарсыласы Фетхуллах Гюленнің қозғалысымен байланыстырады.