Мирзияев түрме жүйесіне реформа жасамақ
Мирзияев түрме жүйесіне реформа жасамақ
Өзбекстанда тұтқындар бұдан былай видеобайланыс арқылы туыстарымен хабарласа алады. Президент Шавкат Мирзияев 11 тамызда жазаны орындау мекемелерінде реформа жасау жөніндегі бірқатар шараларды бекітті.
Өзбекстан президенті бекіткен бағдарламаға сәйкес, түрмелерді заманауи техникалық құралдармен толық жабдықтайтын болады.
Сонымен бірге қорғалған каналдар арқылы видеоконференция ұйымдастыру жүйесін орналастырмақ. Бұл құрылғы арқылы сотталушылар мен олардың туысқандары байланысқа шыға алады.
2022 жылға есептелген модернизациялау жоспарына сәйкес, түрмелерді өзін өзі қаржыландыру ұсынылған. Президент сонымен бірге 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жазаны орындау мекемелерін барлық салықтан босату жөнінде жарлық шығарды.