Автобус жүргізушісіне неліктен 1,4 миллион теңге айыппұл салынды?

Автобус жүргізушісіне неліктен 1,4 миллион теңге айыппұл салынды?

Автобус жүргізушісіне неліктен 1,4 миллион теңге айыппұл салынды?
ашық дереккөзі
Алматыда билетсіз жолаушы тасымалдаған жүргізушілерге 1,4 млн теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС бақылау-ревизиялық басқармасының қызметкерлері 1 тамыздан бері рейд жұмыстарын жүргізіп келеді. Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2 аптада қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жолаушылар тасымалына қатысты 198 заңбұзушылық тіркелді. 58 жүргізуші жолаушыларды билетсіз тасымалдаған болса, 140 жүргізуші аялдамаға тоқтамады. «Билетсіз жолаушы тасымалдаудың әрбір оқиғасы бойынша, автобус жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБ 623-бабы бойынша 5 АЕК теңге көлемінде айыппұл салынды. Рейдтік тексерулер жүріп жатқан 13 күн ішінде, жүргізушілерге 1 406 780 теңге айыппұл салынды. Ал, 466 жолаушыға билетсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБ 622-бабы бойынша (2 АЕК) 2 114 708 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада. Рейдтік бақылаулар 2017 жылдың 31-желтоқсанына дейін Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, көліктік бақылау инспекциясының, әкімшілік полиция басқармасы және «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС бақылау-ревизиялық басқармасының қатысуымен, Алматы қаласының 8 әкімшілік-аумақтық ауданында, автовокзалдарда, ірі аялдамаларда жүргізіледі.