Тегеранға қатысты тағы санкция енгізілсе, Иран ядролық келісімді бұзады

Тегеранға қатысты тағы санкция енгізілсе, Иран ядролық келісімді бұзады

Тегеранға қатысты тағы санкция енгізілсе, Иран ядролық келісімді бұзады
ашық дереккөзі
Вашингтон Тегеранға қарсы жаңа санкция енгізген жағдайда, Иран бірден ядролық келісімді бұзатындығын хабарлады. Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани мәлімдеді, деп жазады ТАСС. «Егер олар (АҚШ) осы әдістерді (санкция) қолданғысы келсе, біз аз уақыттың ішінде - бір апта емес, бір ай емес, бірнеше күн немесе бірнеше сағат ішінде бұрынғы жағдайымызға ораламыз (ядролық келісім жасалғанға дейінгі)», - деді Роухани. Айта кетейік, 2015 жылы 15 шілдеде Иран мен әлемдік «алтылықтың» Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзі нәтижелі аяқталып, тараптар келісім жасасқан еді. Оған сәйкес Иран өз аумағындағы ядролық нысандарға Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) тексерушілерін жіберуге, ал Батыс елдері Иранға салынған санкцияларды біртіндеп алып тастауға міндеттеме алған.