25 жылда 11 мемлекет ел экономикасына қаржы құйған

25 жылда 11 мемлекет ел экономикасына қаржы құйған

25 жылда 11 мемлекет ел экономикасына қаржы құйған
ашық дереккөзі
25 жылдың ішінде ел экономикасына қаржы құйған11 мемлекеттің тізімі белгілі болды.  Олардың қатарында – Германия, Франция, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея бар. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, инвестициялық стратегия шеңберінде, алдағы уақытта бұл елдермен байланыс одан әрі жанданып, қаржы тартудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар министр инвестицияға тартуға экономиканың басымдық берілетін салаларды атап өтті. Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: – Олардың ішінде машина жасау саласы, мұнай химиясы тағы да басқа салалар бар. Екінші тобы – үлкен перспективасы бар салалар. Болашағы бар салалар, ІТ саласы, қаржы саласы және туризм. Осы салалар бізде жаңадан дамып жатқандықтан, ерекше көзқарас болады.