Жаңалықтар

Қарағанды облысында егін түсімі бөмен болуы мүмкін

ашық дереккөзі

Қарағанды облысында егін түсімі бөмен болуы мүмкін

Биылғы жылы Қарағанды облысында астық көлемі 2016 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен болатыны күтілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қарағанды облысы ауылшарушылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожиннің айтуынша, былтырғы жылы бір гектардан 14 центнер астық алынған. Ал биылғы жылы астық өнімділігі гектарынан 7-8 центнерді құрайды. Аталған көрсеткіш орташажылдық норманың шегінде. Өнім көлемінің төмендеуіне ылғалдың жетіспеуі себеп болып отыр. Мол жаңбырдың болмауы астық өнімдерінің өсіміне кері әсерін тигізді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ірі шаруа қожадықтарының алдағы астық жинау науқанына дайындығын тексерді. Барлық шаруашылықтар қажетті астық жинау техникаларын жасақтап қойған. Астық қоймалары да сақадай сай.