Жаңалықтар

Әлемнің ең бай спортшы қыздары

ашық дереккөзі

Әлемнің ең бай спортшы қыздары

Әлемнің ең бай споршы қыздарының есімдері белгілі болды. Америкалық теннисші Серена Уильямс тағы да ең көп ақы төленетін спортшы қызы атанды. Forbes журналының деректері бойынша, соңғы жылы Уильямс 27 млн доллар тапқан. Бұл түрлі турнирлердегі жеңісінің жүлделері мен жарнамадан және түрлі шаралардан түскен табыстары. Екінші орында тағы бір теннисші  Германия спортшысы Ангелик Кербер. Оның соңғы жылғы табысы 12,6 млн долларды құрады. Үшінші орынға 12,2 млн доллармен америкалық автошабандоз Даника Патрик жайғасты. Сондай-ақ бестікке Серена Уильямстың әпкесі  Винус та кіріп отыр. Ол 10,5 млн доллар тапқан.