Буркина-Фасодағы түрік мейрамханасындағы шабуылдан 17 адам көз жұмды

Буркина-Фасодағы түрік мейрамханасындағы шабуылдан 17 адам көз жұмды

Буркина-Фасодағы түрік мейрамханасындағы шабуылдан 17 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Буркина-Фасодағы түрік мейрамханасындағы шабуылдан 17 адам көз жұмды. Дүйсенбіге қараған түні Буркина-Фасо астанасы Уагадугудағы түрік мейрамханасында болған шабуылдан кемінде 17 адам қаза тапты. Батысафрикалық мемлекеттің билігі қаза тапқандар ішінде бірнеше ұлт өкілдері барын, олардың ішінде біреуі француз екенін мәлімдеді. 8 адам жараланған деп хабарлайды Reuters. Көлікпен келген үш қарулы адам мейрамхана сыртында дастархан басында отырған адамдарға қарсы оқ атқан. Оқиға орнына полиция мен әскерилер келген. Шабуыл жасағандар өлтірілген. Буркина-Фасо билігі шабуылға "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеді. 2016 жылдың қаңтар айында Уагадугу көшесінде қонақ үйде 170 адам кепілдікке алынып, отызы қаза тапқан еді. Бұл кезде шабуылды "Әл-Каида" ұйымы мойнына алған.