Пара алған ауыл әкіміне 6,2 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысында пара алған ауыл әкіміне 6,2 млн теңге айыппұл салынды. Атырау облысының Ақсай ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін 6,2 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақсай ауылдық округінің әкімі Д.Досқалиевке қатысты жеке кәсіпкерден Ақсай кентінде тұрғын үй салуға жер телімін алуға рұқсат беретін құжатқа қол қою үшін 185 мың теңге көлемінде пара алу бойынша соталды тергеу аяқталды. Атырау қалалық сотының үкімімен Д.Досқалиев 6,2 млн айыппұл төлейді, өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды және  заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленеді», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті.

Back to top button