Жанкүйер Мейвезердің жеңісіне 880 мың доллар тікті

Жанкүйер Мейвезердің жеңісіне 880 мың доллар тікті

Жанкүйер Мейвезердің  жеңісіне 880 мың доллар тікті
ашық дереккөзі
Мейвезердің жанкүйері оның жеңісіне 880 мың доллар тікті. Лас-Вегаста букемекерлік кеңселердің бірінде бокстан бірнеше салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы Конор МакГрегор арасында өтетін кездесуде америкалық боксшы жеңіске жететініне 880 мың доллар қабылданды, - деп хабарлайды allboxing.ru. Айта кетейік, букмекерлер арасында Мейвезер фаворит ретінде тұр. Бірақ көптеген адамдар МакГрегордың ұтысына тігіп жатыр. Бір кеңседе америкалық боксшыға 27 адам тіксе, UFC чемпионына 27 адам тігеді екен.  Еске салайық, Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегаста бірінші орта салмақ дәрежесінде өтеді.