Жаңалықтар

300 павлодарлық өнерпаз Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады

ашық дереккөзі

300 павлодарлық өнерпаз Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады

300 павлодарлық өнерпаз Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады. Павлодарда өтіп жатқан «Ұлы дала фестивалінде» тұңғыш рет үлкен сахнада 300 өнерпаз Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады, деп хабарлады pavlodarnews.kz. «Бүгін күй тартқан 300 домбырашы Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларынан жиналды», - дейді облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени- сауық орталығының директоры Риза Аяпбергенова. - Әр ауданан 15-18 күйшіден, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларынан 40-қа тарта домбырашы шақыртылды. Олар өздерінің жетекшілерімен тамыз айының басында дайындықтарын бастады. Күйшілердің ең кішкентайы тоғыз жаста болса, ең үлкен өнерпаз 60-та. Жергілікті композитор Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйі үлкен сахнада бірінші рет орындалды. Көпшілік қауымның көңілінен шықты деп ойлаймын,- дейді ол.    Жергілікті домбырашылар өнер көрсетіп болған соң, сахна төріне қазақстандық өнер жұлдыздары «Ұлытау» тобы көтеріліп, күйден шашу шашты.