Қарахан мемлекетінен қалған кесене табылды

Қарахан мемлекетінен қалған кесене табылды

Қарахан мемлекетінен қалған кесене табылды
ашық дереккөзі
Түркиялық радио теледидар агенттігі күллі түркілердің тарихына ортақ мұраларды әрдайым назарда ұстап отырады. Бұл жолы аталған сайт Қырғызстанда Ислам дінін қабылдаған тұңғыш түрік елі деп саналатын Қарахан мемлекетінен қалған кесене табылғаны туралы сүйіншілі хабарды өз оқырмандарымен бөліскен. «Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы мен Қырғызстан-Түркия Манас Университеті елдің солтүстігіндегі Нарын аймағында археологиялық қазба жүргізіп жатқан болатын. Кочкор ауданы Құм-Дөбү ауылы маңында 840-1212 жылдары билік құрған Қарахан мемлекетінде салынған туындыларды жарыққа шығару мақсатында басталған қазба жұмыстары барысында бір кесене табылды. Жерорта теңізі Университеті Көркем өнер факультеті деканы Проф. Осман Еравшар: «Қырғызстанның Нарын аймағында қазба жұмыстары барысында шаршы жоспарлы бір кесене табылды» деді. Еравшар қазба жұмыстарының бірінші сатысында бес метр тереңдікте шаршы жоспарлы қабірдің 70 пайызының жарыққа шығарылғанын айтты. Бұдан кейінгі сатыда уақытша қорғау мақсатты қоршауға алып, ғимараттың реставрация жұмыстары атқарылады. Қырғызстан-Түркия Манас Университеті Әдебиет факультеті Тарих кафедрасының оқытушысы профессор Қубатбек Табалдиев бұл кесененің кімдікі екенін білгісі келетінін, нақты дәлелсіз болсада жорамал барын айтты» деп жазады аталған сайт. «Табалдиев Түркияның қолдауымен жарыққа шығарылған тарихи ғимараттың тек Қырғызстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы елдер мен халықтар үшін үлкен жаңалық екенін атап көрсетті. Ол ғимараттың екі бөлімнен тұратынын, құрылысында кірпіш қолданылғанын баяндады. Бұл көшпенді тұрмыс сүрген қырғыз халқының осы аймақтарында мың жыл бұрын отырықшы өмір болғанына белгі болмақ» деп түйіндейді TRT агенттігі.