Қарағандыда геохимиялық зертхана ашылады

Қарағандыда геохимиялық зертхана ашылады

Қарағандыда геохимиялық зертхана ашылады
ашық дереккөзі
Қарағандыда пайдалы қазбалардың 100 мың түрін анықтауға мүмкіндік беретін геохимиялық зертхана ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Қазгеология» ЖШС геологиялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында зертхана ашуды жоспарлап отыр. «Геохимиялық зертханада заманның ең озық жоғары техникалық құрылғыларымен қатты келетін пайдалы қазбалар мен жер асты суларын анықтау мақсатында зертханалық-талдау жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлайды Қарағанды облысының индустриалдық-инновациялық даму және өндіріс басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов. Заманға сай геохимиялық зертхана пайдалы қазбаларға барлау жасаумен айналысатын кәсіпорындардың ақшасын үнемдейді. Ол кәсіпорындар бұрынғыдай табылған қазбаны зерттеу үшін еліміздің басқа өңірлеріне сабылмайтын болады. Геологиялық зертхананы 2018 жылдың ортасына қарай іске қосу көзделген.