Испания босқындарды сыйдыра алмай отыр

Испания босқындарды сыйдыра алмай отыр

Испания босқындарды сыйдыра алмай отыр
ашық дереккөзі
Биыл Испанияға 12 мыңға жуық мигрант келген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп. Өйткені босқындар Кәрі Құрлыққа Испания арқылы жетуді ең қауіпсіз бағдардың бірі санайды. Елге ағылғандардың дені – Батыс Африка мемлекеттерінің тұрғындары. Ал жергілікті билік олардың бәрін бірдей орналастыруға орын жетпей жатқанын мәлімдеді. Жалпы биылғы жылдың алғашқы 6 айында Еуропаға 117 мыңға жуық мигрант келген. Солардың 83%-ы Италияға табан тіреді. Тағы біразы Грекияға, одан кейін Испанияға ағылған. Алайда сарапшылардың айтуынша, егер жағдай осылай жалғаса беретін болса, Испания қабылдаған босқындар саны бойынша Эллада елінен басып озатын түрі бар.