Балалар үйіне баласын пошта арқылы жіберген

12 тамыз, 2017 / Ақниет ОСПАНБАЙ
ашық дереккөзі
Балалар үйіне баласын пошта арқылы жіберген Қытайлық Фучжоу тұрғыны жаңа туған қызын балалар үйіне курьер почтасымен жіберген. Бұл туралы 11 тамызда жұма South China Morning Post-қа сілтеме жасап Страна хабарлады. Тасымалдаушы (курьер) өзіне берілген пакет қозғалып, артынша баланың дауысын естігеннен кейін бір-ақ полицияға хабарласқан. Цзинань аудандық ауруханасының қызметкері сәрсенбіде курьерден баланы алғандарын растады. Бірнеше күн бұрын дүниеге келген бала сап-сау болып шықты. Жергілікті полиция 24 жастағы анасын өз баласынан бас тартты деп айыптады. Ол бес жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Еске салсақ, шілде соңында Запорожьеде ата-аналары балаларын бес мың долларға сатпақшы болды. Жаз басында Польшамен шекарада чемоданмен баланы алып өтпекші болған Украина азаматшасы ұсталды.