Миллиардерлер тізімі жаңарды
Миллиардерлер тізімі жаңарды
Күні кеше жаһандық нарықтағы акциялар мен облигацияларға сұраныс азайып, әлемнің ең бай 500 адамы 42,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде активінен айырылды. Олардың қатарында, ең көп капиталын жоғалтқан Джефф Безос болып отыр.
Ол "ең бай адамдардың тізімінде" үшінші орынға түсті. Bloomberg ақпаратына орай, Безос мырза бір түнде 2 миллиард АҚШ долларынан айырылған. Америка нарығындағы инвесторлардың орайында сенімсіздіктің пайда болуына АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяға қатысты "қатаң жауабы" негіз болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жауаптың артында үлкен шешімдер тұрған болуы мүмкін. Егер екі ел арасында әскери қақтығыс орын алса, АҚШ-тағы компаниялар индекстері одан әрі құлдырайды. Айта кетсек, өткен айдың соңында Амазон басшысы Джефф Безос әлемдегі ең бай адамды басып озған болатын. Ал қазір үшінші орынға дейін төмендеп отыр. Әзірге Безос мырза "Zara" киім саудасы дүкендер желісінің негізін салушы Амансио Ортегадан $600 миллионға аз капиталға ие. Бір күн бұрығы нарықтағы сауда нәтижесіне орай, ең көп капиталын жоғалтқандар қатарында қытайлық Джек Ма (Alibaba) мен америкалық Марк Цукербергтер де (Facebook) бар. Дереккөзі: Bloomberg Майкрософт басшысы Билл Гейтс осыдан екі апта бұрын жоғалтқан орнын қайта иемденді. Десе де, Гейтс мырза кеше болған қор биржасындағы тоқырау кезінде $848.5 миллион жоғалтты.