Қазақ баласы Джордан Голдман 19 жыл бойы Америкада тұрады

Дүниеге келгеніне небәрі бір ай толғанда өмірдің жазуымен туған жерінен жыраққа кеткен Рүстемнің тағдыры киноға арқау болып үлгерді. Қанат Бейсекеевтің «Бала» фильмінің кейіпкері, Рүстем (Джордан Голдман) 19 жыл бойы Америкада тұрып келген.

Есейіп, өмірдегі көп нәрсені қабылдайтын жасқа жеткенде Рүстем туған отанына келуді ұйғарды. Тағдыры талайлы қазақ баласының Қазақстанға алғашқы сапары қала болғанын сұрап білуге тырыстық. Америкаға жеткен кезінде Рүстем біздің әлеуметтік желідегі сауалдарымызға жауап берді. Рүстем 1998 жылы 27 наурызда Көкшетау қаласында туған. Дүниеге шыр етіп келісімен одан туған анасы бас тартады. АҚШ-тан келген жұп Рүстемді бір айлығында нәрестелер үйінен асырап алған.

«Қазақстанға баратын кезімде АҚШ-тағы танитын қазақ азаматтарын жинап алдым. Олардан Қазақстанның ерекшеліктерін, дәстүрлерін, қоғамдық ұстанымы туралы білдім. Дегенмен соның өзінде мені көп нәрсе таң қалдырды. 1998 жылғы Көкшетау қаласы туралы әке-шешем айтқан еді. Ол уақыттан бері талай дүние өзгергенін де білемін. Алайда, мен тіпті Астана мен Алматыда да прогресс пен кемшіліктер бар екеніне ойша дайын болдым», – деді Рүстем.

 

 

Back to top button