АҚШ Венесуэлаға тағы да санкция жариялады

АҚШ Венесуэлаға қарсы санкцияларды тағы бірнеше тармақпен толықтырмақ. Бұл ақпарат ресми Вашингтонның қаржы министрлігі сайтында жарияланған.

Соңғы шектеулер Венесуэла азаматтарына қарсы бағытталмақ. Қара тізімге 8 адам еніп отыр. Олардың қатарында республиканың бұрынғы Президенті Уго Чавестің ағасы және бірнеше шенеунік бар. АҚШ үкіметі оларға Конституциялық ассамблеяны қолдады деген айып таққан. Бұл ұйым ел Конституциясына өзгерту енгізу мақсатында құрылған. Ал Венесуэланың Сыртқы істер министрлігі ресми Вашингтонның бұл қадамын сынға алды.

Еске сала кетейік, Құрама Штаттар Венесуэла президенті Николас Мадуроға санкция жариялаған болатын.

Back to top button