Facebook Youtube-қа бәсекелес болмақ
Facebook Youtube-қа бәсекелес болмақ
Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желінің бірі саналатын Facebook видео өндірісін дамытуға ниетті екенін білдірді. Осы арқылы болашақта дәстүрлі телеканалдар мен YouTube-ке бәсекелестік танытпақ. Бұл туралы Би-Би-Си онлайн қызметі хабарлап отыр.
«Фейсбукте» видео бөлісу өткен жылы Америкада басталып іске қосылды. Бастапқыда қысқа хабарлар мен қысқа бейне көріністер енгізілді. Компанияның жаңа жобасы бойынша видео тізбекті жаңа Watch функциясымен алмастырмақ. Бұған негізінен Facebook қаржысына түсірілген видеолар жайғастырылмақ.
Жаңа функция қазірше АҚШ-тағы арнайы адамдар үшін ғана ашық болып, кейін бүкіл әлемдегі қолданушылардың пайдалануына беріледі. ФБ-ның ресми өкілі Дэниел Денкердің айтуынша, Watch функциясы қолданушыларға барынша қолайлы етіледі. Ол жерде алдымен достары «ұнату» белгісін басқаннан кейін ғана келесі бағдарламаға өте алады. Қазір ғаламтордағы видео нарығында жоғары бәсекелестік дамып келеді. Сондықтан да, Facebook қолданушыларға өз парақшасы арқылы табыс табу мүмкіндігі беріледі деп отыр. Facebook-тің эксклюзивті серіктестері кірісінің 55 пайызын иелеп отыр. Бұл негізінен жарнамадан түсіп отырған ақша. Алдағы уақытта Facebook видео нарығында, YouTube және Netflix ғана емес, салмағы артып келе жатқан Disney-мен де бәсекеге дайындалып отыр.