Майк Тайсон Алматыға келеді

Майк Тайсон Алматыға келеді

Майк Тайсон Алматыға келеді
ашық дереккөзі
Даңқты боксшы Майк Тайсон желтоқсан айында Алматы қаласына қонақ ретінде келеді. Белгілі америкалық боксшы Майк Тайсон осы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласына қонақ ретінде келеді, – деп хабарлайды  QSport.kz  порталы. Тайсон 1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтетін Synergy Global форумы аясында қонақ болады деп күтілуде. Бұл осымен Майк Тайсонның Қазақстанға екінші мәрте келуі болмақ. Алғаш рет 2010 жылы танымал былғары қолғап шебері Астана қаласына келген болатын. Майк Тайсон ең ауыр салмақта жұдырықтасқан кәсіпқой боксшы. WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996), IBF (1987-1990) тұжырымдары бойынша,  The Ring журналының (1988-1990) чемпионы. Барлығы 58 жекпе-жек өткізіп, оның 50-інде жеңіске жеткен.